26 шағынауданда тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагері

26 шағынауданда тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагері Умбеталиева Қамқа әжемізді мектебіміздің Жылгелдиева Амангүл бастаған 9-сынып тобы арнайы үйіне барып жеңіс күнімен құттықтап келді. Отты жылдары омырауын оққа тосқан ардагермізге мың алғыс айтқан оқушыларымыз, қарттарды құрметтеп, қадірлеп жүру керек екендігін түсініп, үлкен ой түйді. Балалар әжемізбен емен-жарқын әңгімелесіп, еткен еңбектерін сөз етті. Қарттарымызды қадірлейік! 

Жарияланған күні: 05-05-2018  



21-01-2018  

Lesson Study

iconМектебімізде бастауыш сынып жетекшісі Ериманова Гульзия Алпысбаевна мұғалімдерімізге Lesson Study: сабақты зерттеу тəсілдері - атты семинарын өткізді. 

19-01-2018  

Үздік бастауыш сынып кабинеті

iconҚалалық "Үздік бастауыш сынып кабинеті" байқауында 3-орын алғаны үшін №14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бейбитова Айгуль 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 

19-01-2018  

Жас ұлан

iconЕлбасы Н.Ә.Назарбаев бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.01.2011 ж. №406-3/2792 хатына сәйкес «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдауын өткізудің тұжырымдамасына орай №14 жалпы білім беру орта мектепте өткен қабылдау рәсімі жоғары деңгейде өтті. Жас ұландар асыға күткен ең үлкен шара қабылдау салтанатына мектебіміздің 5 және 4 сынып оқушылары жиналып, салтанатты түрде АНТ айтылып, «Жас ұлан» ұйымының мүшелері қабылданды. Одан әрі қарай «Жас ұлан» ұранымен, әнұраны орындалды. Оқушыларға «Жас ұланның» мақсаты, міндеттері тағы да оқып түсіндірілді. Салтанатты жиынға шақырылған қонақтар, «Ақжелкен» аула клубының директоры Жилькельдиева Амангуль Ургешбаевна, мектеп әкімшілігі және мектептің спорт шеберліктері бар оқушылар барлық қабылданушыларға төсбелгілер мен галстуктарды табыстап, құттықтады.  №14 орта мектептен – «Жас қыранға»-64 оқушы, «Жас ұланға»-60 оқушы қабылданды.  «Жас ұлан»-ел ертеңі. Болашақтың кілті жас ұрпақтарымыздың қолында. Жиын соңы 4 «Ә» сынып оқушысы, мектеп белсендісі Болатқызы Альмира «Тәуелсіз қазақтың қызымын» атты әнімен аяқталды. Дайындаған: тәлімгер Абдижапарова Г.Т. 

19-01-2018  

Келешегі кемел елімізде ұстаздар еңбегі өлшеусіз

Келешегі кемел елімізде ұстаздар еңбегі өлшеусіз. Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуде ұстаздың еңбегі зор. Осындай ерен еңбектің иесі, білім көшін адал еңбегімен жылжытып келе жатқан ұстаздардың ұстазы Алипова Люция алғыс хатпен марапатталды. 

19-01-2018  

iconБастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика олимпиадасындағы озат білімі үшін 4 "Б" сынып оқушылары дипломмен марапатталды. Сынып жетекшісі: Алипова Люция. 

18-01-2018  

Қазақстан балалары шексіз әлемде

iconЖалпы білім беретін орта мектептер арасында "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының қалалық фестиваль-байқауында 2-орын алғаны үшін біздің мектебіміз 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сайысқа қатысқан балалар: 11 "А" сынып оқушылары Бексары Айдын, Таңғалин Бекарыс. 11 "Ә" сынып оқушысы Жоламанов Ринат. Дайындаған жетекшісі директордын тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Бижанова Гульнар Сулейменовна. 

20-12-2017  

Ақтау қаласындағы №14 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығы

iconАқтау қаласындағы №14 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай 5-сыныптар арасында «Біз, Тәуелсіз ел қырандары!» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ұлтжандылық, Отансүйгіштік, адамгершілік сезімдерін арттыра отырып, оларды өз Отанын сүюге, құрметтеуге, туған жерін көзінің қарашығындай қорғауға тәрбиелеу болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайлықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды. Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін бүгінгі өткізілген сайыста мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізді. «Үш тұғырлы тіл» саясаты - елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. Сондықтан, бұл сайыс осы бағытта өтті. Бүгінгі сайысқа қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде өз қалауларымен таңдап алған өлең жолдарын оқыды. Сайыс 5 «В» сынып оқушысы Рысбаева Жанардың орындауындағы «Қазақ елі осындай!» әнімен аяқталды. Сайыс қорытындысында жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды. 

15-12-2017  

Киокушинкай каратэ

icon1А сынып оқушысы Алмасұлы Алижан осы жылдың 10 желтоқсанында өткен қалалық киокушинкай каратэден 1-орын иеленді. Жарайсың батыр! 

14-12-2017  

Көркем Гимнастика

icon1А сынып оқушысы Мырзагалиева Аянат 8-9-10 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Республикалық Көркем Гимнастикадан 3-орын иегері атанды. Жас гимнастшымызға үлкен табыс тілейміз. 

14-12-2017  

Тәуелсіздікті қастерлей білейік

iconҚалалық бастауыш сынып оқушыларының "Тәуелсіздікті қастерлей білейік!" мәнерлеп оқу байқауында 2 орын алғаны үшін мектебіміздің 4 "Ә" сынып оқушысы Чектібай Жамбыл марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар

В Актау во время урока физкультуры на ребенка упали футбольные ворота

Мальчик чудом остался жив, но получил переломы, передает ИнАктау. По рассказам очевидцев, ворота ...

16 сәуір 2019
Жас ұлан

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің бұйрығына сәйкес "Жас ұлан" біріңғай балал ...

07 мамыр 2018
26 шағынауданда тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагері

26 шағынауданда тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагері Умбеталиева Қамқа әжемізді мектебіміздің Жылг ...

05 мамыр 2018
Ел тірегі - жас ұрпақ

Мектебімізде "Ел тірегі - жас ұрпақ" әскери саптық ән шеруі өтті.  ...

04 мамыр 2018