Мектебіміз туралы!

Біздің мектебіміз 1981 жылы ашылды. Мектепте 62 сыныпта орыс және қазақ тілінде 1457 оқушы дәріс алады. Сабақтар екі ауысымда өткізіледі. Мектептің алдына қойған негізгі мақсаты- түпкі нәтижеге жету үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстың тиімді әдістері мен түрлерін табу.
Cоңғы үш жылда мектеп әр түрлі қалалық сайыстарға қатысу қорытындысынан қала бойынша ІҮ орынды иеленді.

Мектеп оқушылары қалалық шаралардың (олимпиада, сайыстар, марафон, спорттық жарыстар) барлық түрлеріне де қатысты.

2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша біздің мектебіміз қалалық «Үздік мектеп-2012» атты сайысында ІІ орынға ие болды.

Мектепте 6 мультимедиялық кабинет пен 1 мультимедиялық-лингафон кабинеті бар. Мектепте волейболдан, футболдан, баскетболдан спорттық үйірмелер жұмыс жасайды. Оқушылардың « Олимп» атты ғылыми қоғамы құрылған. Қоғам мүшелері шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің жетекшілігімен жұмыс жүргізіп келеді.

Мектепте жол қозғалысы жас инспекторларының жұмысы жақсы жолға қойылған. «Бағдаршам» атты жас инспекторлар қалалық және облыстық сайыстарда бірнеше рет жүлделі І орынды иеленді. 2007 жылы республикалық сайыста жүлделі І орынды алды.